Нұсқаулық таблеткалар

Препараттың саудалық атауы

Балаларға арналған Анаферон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дəрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында белсенді зат - Адамның гамма интерферонына аффинді тазартылған антиденелер 0,003 г*, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты. * лактоза моногидратына құрамы 10-16 нг/г аспайтын əсер етуші заттың белсенді түрі су-спиртті қоспа түрінде жағылады.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Сызығы бар тегіс жағында MATERIA MEDICA жазуы, екінші тегіс жағында ANAFERON KID жазуы салынған.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей əсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Вирусқа қарсы басқа да препараттар. АТХ коды J05AX.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы
Талдаудың осы заманғы физика-химиялық əдістерінің сезімталдығы биологиялық сұйықтықтарда, ағзалар мен тіндерде антиденелердің шамадан тыс аз дозасы құрамын бағалауға мүмкіндік бермейді, сондықтан Балаларға арналған Анаферон препаратының фармакокинетикасын зерттеу техникалық тұрғыда мүмкін емес.

Фармакодинамикасы
Тұмау вирустарына, парагриппке, 1 жəне 2 типті қарапайым герпес (лабиальді герпес, генитальді герпес) вирустарына, басқа да герпесвирустарға (желшешек, инфекциялық мононуклеоз), энтеровирустарға, кене энцефалиті ви русына, р от ави русқа, ко р онави русқа, калицивирусқа, аденовирусқа, респираторлық-синцитиальді вирусқа (PC вирусына) қатысты тəжірибелік жəне клиникалық тұрғыда тиімділігі анықталған. Препарат зақымданған тіндерде вирус концентрациясын төмендетеді, эндогенді интерферондар жəне олармен ілесетін цитокиндер жүйесіне əсер етеді, эндогенді "ертеректегі" интерферондардың (ИФН а/β) жəне гамма-интерферондардың (ИФН γ) түзілуін индукциялайды.
Гуморальді жəне жасушалы иммунды жауапты көтермелейді. Антидене өнімін (секрециялық IgA қоса) жоғарылатады, Т-эффекторлар, Тхелперлер (Тх) функциясын белсендіреді, олардың арақатынасын қалпына келтіреді. Иммунды жауапқа қатысатын Тх жəне басқа жасушалардың функционалдық резервін жоғарылатады. Араласқан Txl жəне Тх2-типті иммунды жауаптың индукторы болып саналады: Txl (ИФНγ, ИЛ-2) жəне Тх2 (ИЛ-4, 10) цитокиндердің өңделуін жоғарылатады, Тх1/Тх2 белсенділігінің теңгерімін қалпына түсіреді (түрлендіреді). Фагоциттердің жəне табиғи киллер-жасушалардың (ТК жасушалар) қызметтік белсенділігін жоғарылатады. Антимутагенді қасиеттері бар.

Қолданылуы

жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (оның ішінде тұмаудың) профилактикасы жəне емдеуде герпес-вирустары туғызған инфекцияларды (инфекциялық мононуклеоз, желшешек, лабиальді герпес, генитальді герпес) кешенді емдеуде қайталанған созылмалы герпесвирусты инфекцияларда, оның ішінде лабиальді жəне генитальді герпесті кешенді емдеуде жəне профилактикасында кене энцефалиті вирусы, энтеровирус, ротавирус, коронавирус, калицивирус туындатқан басқа жедел жəне созылмалы вирустық инфекцияларды кешенді емдеуде жəне профилактикасында бактериялық инфекцияларды кешенді емдеудің құрамында қолдану этиологиядағы əртүрлі екіншілік иммунтапшылық жағдайын кешенді емдеуде, оның ішінде вирустық жəне бактериялық инфекциялар асқынуының профилактикасында жəне емдеуде

Қолдану тəсілі мен дозалары

Ішке. 6 жастан асқан балаларға: бір қабылдауға – 1 таблетка (ауызда толық ерігенге дейін ұстау керек – тамақтану кезінде болмайды). 1 айдан 6 жасқа дейінгі балаларға: препаратты жасы кіші балаларға тағайындаған кезде (1 айдан 6 жасқа дейінгі) қайнаған судың бөлме температурасындағы аздаған мөлшерінде (1 ас қасық) таблетканы еріту ұсынылады.
ЖРВЖ, тұмау, ішек инфекциялары, герпесвирусты инфекциялар, нейроинфекциялар. Жедел вирусты инфекциялардың алғашқы белгілері пайда болған кезде мынадай сызба бойынша - емдеуді неғұрлым ерте бастаған жөн: алғашқы 2 сағатта препарат əр 30 минут сайын қабылданады, одан кейін алғашқы тəулік ішінде уақыт аралығын тең етіп тағы үш рет қабылдайды. Екінші тəуліктен бастап жəне одан əрі қарай толық сауыққанға дейін 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауды препаратпен емдеудің үшінші күнінде жақсаруы байқалмаса, дəрігерге көріну керек. Эпидемиялық маусымда алдын алу мақсатында препаратты 1-3 ай бойы күнделікті күніне 1 рет қабылдайды.
Генитальді герпесте. Генитальді герпес жедел пайда болған кезде препараттың уақыт аралықтарын тең етіп мынадай сызба бойынша қабылдайды: 1-3 күні –1 таблеткадан күніне 8 рет, одан əрі 1 таблеткадан күніне 4 рет - 3 аптадан кем емес.
Со зылмалы герпесвирусты инфекция қайталануларының профилактикасы үшін – күніне 1 таблеткадан. Профилактикалық курсының ұсынылатын ұзақтығы əр адамға жекелей анықталады жəне 6 айға дейін болуы мүмкін.
Препаратты иммунтапшылық жағдайын емдеу мен профилактика үшін қабылдағанда, бактериялық инфекцияларды кешенді емдеуде – күніне 1 таблеткадан қабылдау керек.
Қажет болған кезде препаратты басқа да вирустарға қарсы жəне симптоматикалық дəрілермен бірге қолдануға болады.

Жағымсыз əсері

Препаратты көрсетілген нұсқаулары жəне көрсетілген дозасы бойынша пайдаланған кезде жағымсыз əсерлері анықталмаған.
Препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдықтың байқалуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық 1 айға дейінгі балаларға

Дəрілермен өзара əрекеттесуі

Осы уақытқа дейін басқа дəрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары анықталмаған.
Қажет болғанда препаратты вирустарға қарсы, бактерияларға қарсы жəне симптоматикалық басқа дəрілермен бірге қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың құрамына лактоза моногидраты кіреді, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза мальабсорбция синдромы, не болмаса туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар науқастарға тағайындау ұсынылмайды.
Жүктілік жəне лактация кезеңі
Балаларға арналған Анаферон препаратын жүкті əйелдерге жəне лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген. Препарат қабылдау қажет болғанда қауіп/пайда арақатынасын ескерген жөн. Медициналық қолдануға арналған дəрілік препараттың көлік құралдарын басқару қабілетіне əсер ету ерекшеліктері.
Балаларға арналған анаферон көлік құралдарын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер етпейді.

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін артық дозалану оқиғалары тіркелмеген. Симптомдары: диспепсиялық құбылыстар. Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі жəне қаптамасы

Соруға арналған таблеткалар. 20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден жəне алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ жəне орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Препаратты қолдану кезеңі ішінде пішінді ұяшықты қаптаманы өндіруші қарастырған картон қорапшада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дəріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ;
Ресей, 127473, Мəскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа к-сі, 9 үй.
Тел./факс: +7 (495) 684-43-33.

Тіркеу куəлігінің ұстаушысы

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ;
Ресей, 127473, Мəскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа к-сі, 9 үй.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дəрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын жəне дəрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы жəне байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ ҚР өкілдігі
Алматы қ., Сейфуллин к-сі 498.
Тел./факс: 2734713.
E-mail: kz@dep.materiamedica.ru